Dear students of the faculty of Physics and technology!


Бүгін Физика-техникалық факултеті «Техникалық физика» кафедрасының «Физика пәнінен мұғалімдер даярлау» мамандығының 1 курс студенттеріне топ кураторы Г.М. Баубекованың жетекшілігімен «Деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыбы аясында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа Университетіміздің Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің теолог маманы Мұратбек Дәрібай қатысты. Сабақ барысында студенттер қазіргі кездегі дінге қатысты болып жатқан проблемалық сұрақтарын қойып, теолог маманымен бірге талқылады. Жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші. Дейтұрғанмен қазіргі таңда еліміздегі кейбір жастарымыздың теріс діни ағымға еріп, саналарының көз алдымызда улануы ойландыратын мәселе болып отыр. Шетін көзқарасты діни ағымдардың кейбір жастардың білім мен ғылымға деген ынтасын жойып, өзге мәдениет пен теріс құндылықтарды насихаттап, жастар арасында жанжал тудыру жағдаяттары орын алып келеді. Қорытындылай айтсақ басты мақсатымыз жастарға өзгеше ойлауға жол бермеу, дәстүрлі бағытқа оңалту жұмыстарын жүргізу, əлеуметтік қауіпсіздік жəне азаматтарымыздың байқуаттылығы арттыру болып табылады!