Dear students of the faculty of Physics and technology!


2022 жылдың 2 желтоқсан күні Физика-техникалық факультетінің бітіруші курс білім алушыларына арналған Академиялық мәселелер департаментінің Карьера және бизнес-әріптестік бөлімінің өкілдерімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыспен өтеу мәселелері бойынша түсіндіру бойынша іс-шара өтті. 

                

         Бұл іс-шараға факультеттің жұмысқа орналастыру бойынша жауапты оқытушылары, 4-5 курс студенттері, 2 курс магистранттары және 3 курс докторанттары қатысты.

 

        Оларға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған жас мамандар (түлектер) мен философия докторларының (PhD) міндетті жұмыспен өтеудің барысы мен ережелері түсіндірілді, олардың ішінде жұмысқа орналастыру үшін оларды жеке бөлу процесі, бөлу кезінде бос орындар болмаған жағдайдағы іс-әрекеттер, өтеуді кейінге қалдыру өтеу міндетінен босату санаттары, білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – "Қаржы орталығы"АҚ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ҚМУ органдарының қызметтері атап өтілді.